Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінің қызметкерлері Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Сыр бойының  өткені мен бүгіні жайлы баяндайтын үлкен мәдениет орталығына барып экскурсия жасады.

Экскурсия барысында музей қызметкерлері өңірдің табиғи ерекшеліктерін, ежелгі дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихи үдерістерді қамтитын он екі залдан тұратын экспозициялық жәдігерлермен таныстырды. Экспозицияларда тарихи тұлғалар, археологиялық және этнографиялық жәдігерлер, карталар мен диаграммалар бар.

Рухани орталықтағы құнды экспонаттармен жақын танысқан қызметкерлер музей қызметкеріне ризашылықтарын білдірді.

- Сол жағалаудағы 2025 жылы ашылған облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасадық. Музей заманауи сандық және мультимедиялық технологиялармен жабдықталған. Кез келген экспонат туралы ақпаратты интерактивті сенсорлық панельдер арқылы қолжетімді екен. Таным көкжиегіміз кеңейтіп, рухани азық алып қайттық, - деді мекеме психологы Замира Бостанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру