Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облыстық ПД бастығы аудан тұрғындарымен кездесті

Атырау облысы полиция департаменті бастығы Оңал Бекеев қызметтік іссапармен Мақат ауданына барып, бірқатар нысандарды аралап, маңызды кездесулер өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іссапар барысында департамент бастығы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен жүздесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен жан-жақты танысты.

Кездесу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау бағытындағы негізгі міндеттерге айрықша назар аударылды.

Департамент басшысы қызмет тиімділігін арттыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеп, қызметтік тәртіпті қатаң сақтау мен тұрғындармен кері байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сапар аясында аудан әкімімен жұмыс кездесуі өтіп, өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және бірлескен профилактикалық іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Тараптар құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Сонымен қатар департамент бастығы аудан ардагерлерімен және жастарымен кездесіп, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері төңірегінде ашық пікір алмасты.

Кездесу барысында интернет-алаяқтықтан сақтану, есірткі қылмысының алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыптары кеңінен қозғалды.

Ашық диалог форматында өткен жүздесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Іссапар барысында аудан тұрғындарымен де кездесу ұйымдастырылып, азаматтардың ұсыныс-пікірлері мұқият тыңдалды. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар беріліп, оларды заң аясында шешу жолдары қарастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру