Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отбасылық құндылықтарды нығайту жолындағы жоба

Абай облысында ҚАЖ департаменті азаматтық қоғаммен бірлесіп, сотталған әйелдерді қолдау және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда. Соның бірі – "Ана үйі" қоғамдық қорымен әріптестік, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жоба әйелдердің ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге, отбасылық байланыстарын сақтауға және әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған. Кездесулер барысында балалардың отбасында тәрбиелену құқығы түсіндіріліп, интернаттағы балаларды заң аясында туыстарына орналастыру мүмкіндіктері қарастырылады.

Бұл бастама Президент жариялаған гуманизация саясатына сәйкес келеді. 2025 жылғы 14 наурыздағы Ұлттық құрылтайда пенитенциарлық жүйеде адам құқықтарын сақтау, әсіресе әйелдердің жағдайын жақсарту мәселесі көтерілген.

Ғалымжан Балтабаевтың айтуынша, жаза отбасыдан толық ажырауды білдірмеуі тиіс, ал мемлекет пен қоғам бірлесіп, әйелдердің ана рөліне оралуына жағдай жасауы керек. Айнагүл Нуртазтина бұл жұмыстың мақсаты – әйелдерді жан-жақты қолдап, олардың отбасын қалпына келтіруге және қоғамға бейімделуіне көмектесу екенін атап өтті.

Бұл ынтымақтастық отбасы институтын нығайтуға және балалардың өз отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру