Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖД-ның ұйымдастыруымен мемлекеттік тапсырыстарды орындау мәселелері талқыланды

Ақтөбеде ҚАЖД-ның ұйымдастыруымен мемлекеттік тапсырыстарды орындау мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы мен Президент Әкімшілігі басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында №8 мекемесінде Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырған жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға "Еңбек-Жайық" РМК өкілдері, шағын және орта бизнес субъектілері, сондай-ақ ҚАЖ мекемелеріндегі өндірістік қызметке тартылған ұйымдар қатысты.

Кеңес барысында мемлекеттік тапсырыстарды қамтамасыз ету мәселелері, оның ішінде мектеп жабдықтарын, арнайы киімдер мен жиһаздарды жеткізу сұрақтары қаралды.

Сондай-ақ жиынға Ақтөбе қаласының Астана және Алматы аудандары әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік тапсырыстарды тиімді орындауға және ҚАЖ мекемелерінің өндірістік әлеуетін дамытуға бағытталған алдағы өзара іс-қимыл бағыттары айқындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру