Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде алимент төлемеген тұрғынның көлігі тәркіленді

Өскеменде өткізілген рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері алимент төлеу бойынша сот міндеттемелерін орындаудан жалтарып жүрген облыс орталығының 42 жастағы тұрғынын анықтаған. Оның бала алдындағы жалпы берешегі шамамен 2,5 миллион теңге болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сот шешімі болғанына қарамастан, ер адам заңмен белгіленген міндеттемелерін елемей, ұзақ уақыт бойы қарызын өтеуге ешқандай әрекет жасамаған. Соның салдарынан оған қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылды.

Тексеру барысында борышкерге тиесілі көлігі анықталды. Бұрын салынған шектеулерге сәйкес, автокөлік анықталып, мамандандырылған тұраққа қойылды. Көлік алимент бойынша берешек толық өтелгенге дейін сол жерде болады.

Полиция мұндай шаралар, ең алдымен, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ сот шешімдерінің орындалу бұлжымастығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Жыл басынан бері өңір аумағында сот актілерін орындаудан жалтарған 45 борышкер анықталса, оның ішінде 28 — алимент бойынша берешегі барлар. Олардың әрқайсысына қатысты қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру