Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының екі тұрғыны ірі көлемде марихуана сақтағаны үшін сотталды

Түрксіб станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айында көлік полицейлері Меркі ауданының теміржол торабы аумағында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Жамбыл облысының 33 және 53 жастағы екі тұрғыны анықтап, ұстады. Тексеру барысында олардан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес заттар салынған пакеттер табылды.

Тәркіленген зат – жалпы салмағы шамамен 3,5 келі марихуана болып шықты.

Ұсталғандар есірткі заттарын заңсыз жинап, жеке пайдалану үшін сақтағанын мойындады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Сот оларды аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау бойынша кінәлі деп танып, әрқайсына 3 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру