Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер тасжолда көлігі бұзылып қалған грузиялық азаматқа көмектесті

Абай облысында полицейлер тасжолда жүк көлігінің дөңгелегі тесіліп қалған грузиялық 73 жастағы жүргізушіге көмек көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы Аягөз – Қайнар тасжолында ерекше оқиға болды. 73 жастағы Грузия азаматы тізгіндеген MAN жүк көлігінің артқы дөңгелегі жолда жарылып қалған. Жүк көлігін жөндеуге әрекет жасалғанымен, дөңгелек пайдалануға жарамайтын болып шықты. 

Сол кезде жол бойында патрульде жүрген Абай аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Мақсат Мұратов жолда шарасыз тұрған азаматты байқап, тоқтап, дереу іске кіріскен. Ол жүргізушімен сөйлесіп, көліктің техникалық ақауын бағалады. Дөңгелектің жөндеуге келмейтінін көрген тәртіп сақшысы өзінің кәсіби және адамгершілік жауапкершілігіне сүйене отырып, жақын маңдағы елдімекендерден көлікке сай дөңгелек іздеуді бастады.

Біраз уақыт ізденгеннен кейін, Мақсат Мұратов қыстақтардың бірінен қажетті дөңгелекті тауып шетелдік жүргізуші тоқтаған жерге жеткізіп, көмек көрсетеді. 

— Ұзақ жолда жүк көлігімнің дөңгелегі тесіліп,  күтпеген қиындыққа тап болдым. Бірақ полиция қызметкері мені назардан тыс қалдырмай, көлігімді жөндеуге көмектесті. Мақсат Мұратовтың қолдауы мен мейірімділігі үшін шын жүректен алғыс айтамын. Осы орайда ұзақ тас жолдарда қарапайым жеңіл көлікке дөңгелектің өзін табу оңай емес екенін еске салған жөн. Ол тек полиция қызметкері емес, нағыз адамгершілік үлгісін көрсеткен азамат. Жолда мені полиция қызметкерлері жасым үлкен болған соң екі рет тоқтатып, денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, ақ жол тіледі, себебі үлкендерге құрмет көрсету керектігін тереңінен түсінеді. Қазақстан полициясына өте ризамын, — деп турист өз сезімімен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру