Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда учаскелік полицейлер тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Павлодарда учаскелік полицейлер тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының учаскелік инспекторлары профилактикалық рейд өткізді. Оңтүстік полиция бөлімінің №11 учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторлары ауқымды тексеру жүргізіп, ең өзекті мәселелерді қамтыды: велосипедтерді қорғаудан бастап тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға дейін.

Маусым басталысымен екі дөңгелекті көлік ұрлығы тұрғындар үшін өзекті мәселеге айналады. Полицейлер аулаларды, подъездерді және велосипед сақталатын орындарды мұқият тексерді.

- Инспекторлардың басты кеңесі: әрқашан сенімді құлыптарды пайдалану. Қараусыз қалдырылған велосипед қылмыскерді қызықтырады, сондықтан мүлікті жабық орындарда сақтаған дұрыс. Сонымен қатар біз интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Тұрғындарға қаражатты қорғауға көмектесетін цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым ережелері түсіндірілді, — деді Павлодар қаласы ПБ учаскелік инспекторы Ілияс Камерден.

Шу, төбелес немесе алкогольдік ішімдік ішу деректері жиі тіркелетін мекенжайларға ерекше назар аударылды. Учаскелік инспекторлар пәтерлерді аралап, профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексерді.

— Мұндай тексерулер құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, тұрғындардың өтініш-шағымдарын тікелей тыңдауға мүмкіндік береді. Біздің мақсат — әр адам өз үйінде және ауласында өзін қауіпсіз сезінуі, — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Полиция тұрғындарды қырағы болуға және подъездерде күмәнді тұлғаларды байқаған жағдайда дереу хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру