Ақтауда оқушы жол-патрульдік полиция қызметкерінің дублері болды
Ақтауда оқушы жол-патрульдік полиция қызметкерінің дублері болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қаласында "Дублер күні" жобасы аясында мектеп оқушысы жол-патрульдік полиция қызметінің жұмысымен танысты.
С. Мұқашев атындағы №16 мектептің оқушысы Тамерлан Мунатов бір күнге жол-патрульдік полиция қызметкерінің дублері атанып, құқық қорғау саласының күнделікті қызмет барысын тәжірибе жүзінде көрді.
Іс-шара барысында ол жол қозғалысын реттеу тәртібімен, жүргізушілермен қарым-қатынас мәдениетімен, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарымен және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстармен танысты. Сонымен қатар жедел шешім қабылдау мен жоғары жауапкершіліктің маңызын өз көзімен көріп, қызметтің қыр-сырына қанықты.
Мұндай жобалар жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіби қызығушылығын арттырумен қатар, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
