Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында биыл халықаралық іздеуде жүрген 47 адам ұсталды

Павлодар облысында биыл халықаралық іздеуде жүрген 47 адам ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Павлодар облысының жедел қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 47 адамды анықтап, ұстады. Олардың 15-і Қазақстаннан тыс жерлерде іздеуде болған. Әрбірі туралы оларды іздестірген елдерге хабар берілген.

– Әділдік үшін шекара да, уақыт та жоқ. Жақында өңірде “Іздестіру” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның нәтижесінде 16 қылмыскер қолға түсті, олардың 9-ы – ТМД елдерінде қылмыс жасаған шетел азаматтары. Ең резонансты іс Таллин қаласында тіркелді. 2012 жылы қарақшылық жасаған Қазақстан тұрғыны 14 жыл бойы Эстония Республикасында жасырынып жүрген. Көрінбей қалу үшін ол жалған құжаттар пайдаланып, бөтен адамның атымен өмір сүрген. Алайда жедел уәкілдер Интерполмен бірлесіп, оның айласын ашты. Қазіргі уақытта халықаралық келісімдерге сәйкес оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралуда, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Тағы бір жетістік Щербакты ауданында тіркелді. Мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған кезде шетел азаматы ұсталды. Ол ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген, бұл туралы іздеу жариялаған тарапқа хабар берілді.

– Әділдіктен қашып құтылу мүмкін емес. Қылмыскерлер қандай амал қолданса да, елден тыс жерде жасырынып жүрсе де, жасаған ісі үшін бәрібір жауап береді, – деп атап өтті Жаслан Танжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру