Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері кезекті сенбілік ұйымдастырды

Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері кезекті сенбілік ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары күнделікті қызметтік формаларын жұмыс киіміне ауыстырып, қажетті құрал-жабдықтарды алып, тазалық жұмыстарына белсене кірісті.

Бірнеше сағат бойы бөлімше қызметкерлері аумақты тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, бекітілген аумақтар қураған жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, ағаш түптері қопсытылды. Сонымен қатар бордюрлер әктеліп, баспалдақтар боялды, терезелер мен есіктер жуылып, қызметтік кабинеттер ретке келтірілді.

Полиция өкілдерінің айтуынша, сенбілікке қатысу ұжым тарапынан жоғары белсенділікпен қолдау тапқан. Мұндай игі шаралар ұжым мүшелерін жақындастырып, өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Айта кету керек, осындай сенбіліктер облыстың барлық аумақтық полиция бөлімшелерінде өткізілді. Өйткені тазалық пен тәртіп — қоғамдық мәдениеттің маңызды көрсеткіші.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру