Ақтөбе облысында фермер автокөлік қозғалтқышын сатып аламын деп алаяққа алданып қалды
Ақтөбе облысында фермер автокөлік қозғалтқышын сатып аламын деп алаяққа алданып қалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысында 64 жастағы шаруа қожалығының басшысы “Ford” автокөлігіне арналған қозғалтқышты сату туралы хабарландыруды көрген. Алдын ала байланысқа шығып, сатып алушы мен сатушы кездесіп, мәміле шарттарын талқылаған. Фермер 210 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған, ал қалған соманы қозғалтқышты алғаннан кейін төлеуге келіскен.
Алайда кепілақыны алғаннан кейін сатушы байланысқа шықпай қойған. Жәбірленуші полицияға жүгінді.
Аталған алаяқтық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция ескертеді: хабарландыру арқылы тауар сатып алу кезінде сақ болу қажет. Бейтаныс адамдарға алдын ала төлем жасамаған жөн, сатушының жеке деректерін тексеріп, мүмкіндігінше мәмілені ресми түрде рәсімдеп, қауіпсіз төлем тәсілдерін пайдаланған дұрыс.
