Түркістанда автогаз қондырғыларын орнатқан жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Түркістан қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автогаз қондырғыларын орнатқан жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара барысында тәртіп сақшылары газбен жүретін 300-ге жуық автокөлікті анықтап, жүргізушілерге көлікке орнатылған газ жабдықтарының техникалық жарамдылығы, уақтылы тексерістен өтуі және оларды тек сертификатталған орындарда орнату қажеттігін түсіндірді.
Сондай-ақ жүргізушілерге жоғары ауа температурасы кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту, көлікті шамадан тыс қыздырмау және газ жүйесіне өз бетінше өзгеріс енгізбеу жөнінде түсіндіру жүргізілді.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және жолда жауапкершілік танытуға шақырды.
