Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда дронның көмегімен 20-дан астам қоғамдық орынды ластау дерегі анықталды

Атырауда дрон көмегімен 20-дан астам қоғамдық орынды ластау дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен тәртіп" қағидаты және республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында санитарлық жағдайды жақсарту, елді мекендерді тазарту және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Осы бағытта Атырау облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, абаттандыру қағидаларын бұзу деректерінің алдын алу, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау фактілерін анықтау және қоғамдық орындардың ластануына жол бермеу мақсатында өңір аумағында рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Рейд барысында заманауи технологиялар, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) кеңінен қолданылды. Әуе арқылы жүргізілген бақылау нәтижесінде 20-дан астам құқық бұзушылық анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.

Жыл басынан бері облыс аумағында абаттандыру қағидаларын бұзу және ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 2 мыңнан астам құқық бұзушылық дерегі тіркелген.

Аталған шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру