Павлодарда алимент төлеуден ұзақ уақыт бойы жалтарған анаға қатысты үкім шығарылды
Павлодарда алимент төлеуден ұзақ уақыт бойы жалтарған анаға қатысты үкім шығарылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі баласын асырауға алимент төлеуден түрде жалтарған жергілікті тұрғынға қатысты айыптау үкімін шығарды.
Сот талқылауы барысында азаматшаның ұзақ уақыт бойы сот шешімін елемегені анықталды. Заң талаптары мен ата-аналық міндеттеріне қарамастан, сотталушы: ресми түрде жұмысқа орналасудан саналы түрде жалтарған; қарызды өтеу бойынша ешқандай шара қолданбаған; 1 000 000 теңгеден асатын берешек жол берген.
Сотталғанның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларды асырауға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бойынша сараланды. Сот әйелдің кінәсін толық дәлелденген деп таныды.
Сот үкімімен тағайындалған жаза: пробациялық бақылау белгілене отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу.
Жаза мерзімі бойы сотталған әйелге бірқатар міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, мәжбүрлі түрде жұмысқа орналасу, пробация қызметін хабардар етпей тұрғылықты жерін ауыстырмау және балалар алдындағы қарызды өтеу бойынша міндетті шаралар қабылдау.
Бұл жағдай жазаның бұлтартпастығын көрсететін маңызды мысал. Пробация қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды басты орынға қоятынын атап өтеді. Ата-аналық міндеттерден жалтару — жай ғана азаматтық дау емес, ол қатаң құқықтық салдарға әкеп соғатын қылмыстық жауапкершілікке жататын әрекет.
