Елордада жас жол инспекторларының қалалық байқауы өтті
Елордада жас жол инспекторларының қалалық байқауы өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру аясында №16 мектеп базасында жас жол инспекторларының қалалық байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараны Астана қаласы полиция департаменті балалардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткізді.
Байқауға елорданың жалпы білім беретін мектептерінен құралған жас жол инспекторлары қатысты. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, жол қозғалысы ережелерін білу деңгейін, саптық дайындықтарын, реттеуші дағдыларын, алғашқы медициналық көмек көрсету шеберліктерін, велосипед жүргізу және өзге де дисциплиналар бойынша өнерлерін көрсетіп, аудандық кезеңдерде жеңімпаз атанған 3 команда қатысты. Іс-шара барысында оқушылар жолдағы түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігін сақтау, тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығы жөніндегі білімдерін нығайтты. Танымдық әрі тәжірибелік форматта өткен байқау қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен белсенді қатысушылар грамоталармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Нәтижесінде І орынды №30 мектеп, ІІ орынды №90 мектеп, ІІІ орынды №16 мектеп иеленді.
Мұндай профилактикалық шаралар балалар арасында жол-көлік жарақатының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Әсіресе жазғы демалыс қарсаңында өткізілетін іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік ережелерін есте сақтауына және күнделікті өмірде қолдануына ықпал етеді.
Сонымен қатар байқау жасөспірімдер арасында патриоттық тәрбие мен қоғамдық тәртіпке құрметті қалыптастыруға, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіруге бағытталды.
Іс-шара соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар мен белсенді қатысушылар марапатталып, дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.
