Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда экологиялық тәртіпті бұзуға қатысты құқық бұзушылықтар тіркелді

Атырауда тазалық талаптарын бұзудың 2400-ге жуық дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында "Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету және республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында қоғамдық орындар мен демалыс аймақтарында санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Полиция қызметкерлері тұрғындар мен қала қонақтары көп шоғырланатын демалыс орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіп, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттады. Шара барысында азаматтарға табиғатты таза ұстау, қоқысты тек арнайы орындарға тастау, белгіленбеген жерлерде от жақпау және жасыл желекке зақым келтірмеу қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында демалушыларға ескертулер беріліп, абаттандыру қағидаларын сақтау талаптары түсіндірілді. Тәртіп сақшылары табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, тұрғындарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тазалықты сақтауға шақырды.

Жыл басынан бері облыс аумағында абаттандыру қағидаларын бұзу және ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 2400-ге жуық құқық бұзушылық дерегі тіркелген.

Қазіргі таңда өңірде елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындарды тазарту және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру