"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Ақмола облысының полиция қызметкерлері Ішкі істер органдары ардагерлері аллеясы аумағында ауқымды сенбілік өткізді. Сонымен қатар дәл осындай тазалық шаралары облыстың барлық ауданында ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Экологиялық акцияға өңір бойынша мыңға жуық полиция қызметкері қатысты. Бірнеше сағат ішінде тәртіп сақшылары қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, жасыл желектерді ретке келтіріп, аумақтарды абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Мұндай шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Полицейлердің айтуынша, "Таза Қазақстан" акциясына қатысу – өңір тұрғындары үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Бірнеше ақпараттық порталда тілші болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда "Polisia.kz" сайтының шеф-редакторы.