ШҚО-да сотталғандарды біліммен қамту мәселелері талқыланды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде 2006-2027 оқу жылына сотталғандарды кешкі мектеп пен колледжге қабылдауды ұйымдастыруға арналған жұмыс кеңесі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында мекеме әкімшілігі, білім беру ұйымдарының өкілдері және жауапты қызметтер білім алушылардың тізімін қалыптастыру, қажетті құжаттарды рәсімдеу, сотталғандардың білім алу қажеттіліктерін айқындау және оқу процесін ұйымдастыру мәселелерін қарастырды.
Сондай-ақ оқу топтарын жасақтау барысында туындайтын проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланып, сотталғандарды жалпы және кәсіптік біліммен барынша қамтуға бағытталған нақты шаралар белгіленді.
Білім алу – сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің маңызды бағыттарының бірі. Ол олардың жаңа білім мен мамандық игеруіне, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға табысты бейімделуіне мүмкіндік береді.
