Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер мерекелік демалыс күндері қоғамдық тәртіпті күшейтілген режимде қамтамасыз етті

Жетісу облысында полицейлер мерекелік демалыс күндері қоғамдық тәртіпті күшейтілген режимде қамтамасыз етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік демалыс күндері Жетісу облысы полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет режиміне көшіп, өңір тұрғындары мен қонақтарының қоғамдық қауіпсіздігін, құқықтық тәртібі мен тыныштығын қамтамасыз етті.

Полиция қызметкерлері тәулік бойы елді мекендерде, халық көп шоғырланатын демалыс орындарында, саябақтарда, алаңдарда, мәдениет нысандарында және өзге де қоғамдық орындарда патрульдік қызмет атқарды. Ерекше назар қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға аударылды.

Қызмет барысында тәртіп сақшылары тұрғындармен және демалушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, айналадағылардың құқығы мен тыныштығын құрметтеу, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға, қоршаған ортаны ластауға және өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін түсіндірді.

Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында патрульдік бағыттар адамдар көп жиналатын аумақтарға барынша жақындатылды. Бұл полиция қызметкерлеріне кез келген оқиғаға жедел әрекет етіп, мерекелік іс-шаралардың қауіпсіз әрі қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Полиция тұрғындар мен өңір қонақтарына қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарына жауапкершілікпен қарағандары үшін алғыс білдіреді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған полиция қызметі тәулік бойы үздіксіз жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру