Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жастар полиция қызметімен жақынырақ танысты

Атырау қаласы полиция басқармасы жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, 50-ден астам жастың қатысуымен танымдық іс-шара ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – жастарды полиция қызметінің күнделікті жұмысымен таныстыру, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқық қорғау органдары қызметіне қызығушылығын арттыру.

Экскурсия барысында қатысушылар полиция басқармасының бақылау-өткізу пунктінің жұмысымен танысып, патрульдік полиция қызметкерлерінің күнделікті атқаратын міндеттері туралы жан-жақты ақпарат алды. Сондай-ақ оларға қызметтік автокөліктер, арнайы қорғаныс құралдары, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған техникалар мен жабдықтар таныстырылды.

Бұдан бөлек, жастар жедел басқару орталығында болып, бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмысымен танысты.

Іс-шара барысында әлеуметтік желілердегі белсенділігімен танымал полиция қызметкері Жандарбек Берік жастармен кездесіп, полиция қызметінің ерекшеліктері, күнделікті жұмыс тәжірибесі және қоғаммен ашық әрі сенімді байланыс орнатудың маңыздылығы туралы әңгімеледі.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, полиция қызметінің қыр-сырымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру