Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация есебіндегі азаматтарға жаңа мүмкіндік: Павлодарда жұмыспен қамту шарасы ұйымдастырылды

Павлодарда пробациялық бақылаудағы азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласы полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінің №14 учаскелік полиция пунктінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға полиция, прокуратура, Павлодар қаласы әкімдігі, пробация қызметі және жұмыс беруші мекемелердің өкілдері қатысты.

Жәрмеңке барысында қатысушыларға қолжетімді бос жұмыс орындары, ресми түрде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріліп, әлеуметтік бейімделу және мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша кеңес ұсынылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және олардың қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету. Тұрақты жұмыс адамның заңға бағынатын өмір салтын ұстануына, қоғамның толыққанды мүшесі болуына және құқық бұзушылықтың қайта жасалу қаупін төмендетуге ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру