Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ЖҚЕ бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодар облысында ЖҚЕ бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарсы қозғалыс жолағына шығу – жол қозғалысы ережелерін бұзудың ең қауіпті түрлерінің бірі. Мұндай әрекет көбіне ауыр зардаптарға әкеп соғатын жол-көлік оқиғаларына себеп болады.

Жол-көлік оқиғалары мен жарақаттанудың алдын алуға және жолдардағы апаттылықты төмендетуге бағытталған шараларға қарамастан, көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзуды жалғастыруда.

– Мәселен, Астана – Шідерті автожолында полицейлер қарсы қозғалыс жолағына шыққан Cherry Tiggo 7 Pro автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Қасақана ереже бұзған жүргізушіге қатысты материалдар рәсімделіп, процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға, жолда мұқият әрі жауапты болуға шақырады. Себебі жол қауіпсіздігі қозғалыстың әрбір қатысушысына байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру