Түркістан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Түркістан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында профилактикалық шара өткізді. Жұма намазына барған тұрғындарға қазіргі таңда кең таралған интернет-алаяқтықтың негізгі тәсілдері түсіндіріліп, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу, бейтаныс нөмірлерден келген күмәнді сілтемелерге өтпеу және 1414, "Қазпошта" секілді қызметтерден келетін SMS-кодтарды ешкімге айтпау қажеттігі ескертілді.
Полиция қызметкерлері азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып, жеке деректері немесе SMS-кодтарды бөгде адамдарға берген жағдайда дереу полиция бөліміне жүгінуге немесе "102" арнасына хабарласуға кеңес берді.
Тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықтың алдын алу және тұрғындардың киберқауіпсіздік сауаттылығын арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.
