Ақмола облысында пробация есебіндегі азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Ақмола облысында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Целиноград аудандық пробация қызметі Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – пробация есебіндегі азаматтарға тұрақты жұмыс табуға жәрдемдесу, олардың еңбек нарығына бейімделуіне және қоғамға қайта интеграциялануына қолдау көрсету.
Жәрмеңке барысында қатысушыларға өңірдегі бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріліп, жұмысқа орналасу талаптары мен мүмкіндіктері түсіндірілді. Сондай-ақ азаматтарға жұмыс берушілер ұсынған бос орындар бойынша кеңестер беріліп, еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарына жауаптар ұсынылды.
Мұндай іс-шаралар пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, тұрақты жұмыспен қамтылуына және қайта құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
