Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол ережесін бұзған көліктен құжатсыз тасымалданған ұсақ мал анықталды

Түркістан облысында жол ережесін бұзған көліктен құжатсыз тасымалданған 8 қой анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында полицейлер мал ұрлығының алдын алу және төрт түліктің заңсыз тасымалдануына жол бермеу мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Кезекті рейд барысында Төлеби ауданының тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін бұзған көлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде оның жүк бөлігінен 8 бас асыл тұқымды қой анықталды.

Алайда жүргізуші малдың заңды тиесілігін растайтын және оларды тасымалдауға қажетті құжаттарды көрсете алмаған.

Осыған байланысты азаматқа қатысты әкімшілік материалдар жинақталып, тиісті шешім қабылдау үшін аумақтық ветеринариялық инспекцияға жолданды.

Жалпы рейд барысында малды тиісті құжаттарсыз тасымалдаған 40-қа жуық азамат анықталып, олардың әрқайсысына заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.

Полиция мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмай, уақытылы сырғалап, есепке қоюды, сондай-ақ малды тасымалдау кезінде қажетті құжаттарды өзімен бірге алып жүруді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру