Қостанайда есірткі жарнамасы бар граффитилерді бояу бойынша акция өтті
Қостанайда есірткі жарнамасы бар граффитилерді бояу бойынша акция өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай қаласында нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар аясында есірткі құралдарын жарнамалайтын және насихаттайтын жазуларды бояп өшіру бойынша акция өткізілді.
Іс-шараға Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, волонтерлер, Жастар ресурстық орталығының өкілдері және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.
Акция барысында анықталған есірткі жарнамасы бар граффитилер боялып, жойылды. Қатысушылар жастарды тыйым салынған ақпараттың таралуына бейжай қарамауға және есірткісіз қауіпсіз ортаны қалыптастыруға үлес қосуға шақырды.
Профилактикалық жұмыс азаматтардың жауапкершілігін арттыруға, есірткінің таралуына жол бермеуге және жастардың есірткі құралдарының заңсыз айналымына тартылуының алдын алуға бағытталған.
