Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда учаскелік полицейлер тұрғындарға экологиялық жауапкершілікті түсіндірді

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Жетісу облысының учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесулер барысында полицейлер абаттандыру қағидаларын бұзу, қоғамдық орындарды ластау және қоқысты белгіленбеген орындарға тастау үшін көзделген жауапкершілікті түсіндірді. Сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын еске салды.

Тәртіп сақшылары көшелердің, аулалар мен қоғамдық орындардың тазалығы коммуналдық қызметтердің жұмысына ғана емес, әрбір тұрғынның жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті.

Полиция тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру