Мекемеде аурушаңдыққа статистикалық шолу жасалды
Қызылорда облысы ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен туберкулездің алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде департамент бастығының міндетін атқарушы Жүніс Әбдіқайыровтың төрағалығымен ҚАЖ мекемелеріндегі арнайы контигенттер арасында АИТВ инфекциясы және туберкулез аурушаңдығының статистикасына шолу , мекемелердегі ақпараттық- танымдық іс- шаралардың жай-күйі бойынша жедел
кеңес өткізілді.
Жедел кеңес жұмысына облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі, арнайы дәрігерлер және ҚАЖ департаментіне қарасты мекеме басшылары, мекеме бастықтарының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасарлары, дәрігерлік бөлім қызметкерлері қатысты. Жедел кеңесте қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының аға маман санитар дәрігері М.Шаймбетова баяндама жасады. Ол өз баяндамасында мекемелердегі туберкулез және АИТВ/ВИЧ инфекциясын емдеу, мекемеішілік жұқтырудың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстар барысын, пенитенциарлық жүйедегі инфекциялық аурулардың жай күйіне тоқталды. Өткен жылдың статистикалық мәліметі бойынша Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде туберкулездің мекемеішілік жұқтыру жағдайы орын алмаған. Мекемелердегі АИТВ/ВИЧ инфекциясымен есепте тұратындарға ЖИТС орталығының маман дәрігерлері уақытылы дәрігерлік кеңес өткізеді. АИТВ/ВИЧ инфекциясы,туберкулез, жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы кестеге сәйкес семинарлар
өткізу жоспарға қойылған. Сонымен қатар айпталушылар мен сотталғандар
мекемеге қабылдану барысында флюрографиялық тексеруден міндетті түрде өтеді.
АИТВ/ВИЧ инфекциясы,туберкулез бойынша ақпараттық-танымдық іс-шараларды өз деңгейінде орындау, инфекциялық аурулар туралы арнайы контингенттерге ақпараттандыруды оңтайландыру мәселесі бойынша тапсырмалар берілді.