Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Республиканың автожолдарында 1000-ға жуық адам құтқарылды

Өткен тәулік ішінде республиканың автожолдарында 1000-ға жуық адам құтқарылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ, көрінудің нашар болуы) 7 облыста автокөліктің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар автожолдардың 53 учаскесінде және 5 облыста облыстық маңызы бар автожолдардың 129 учаскесінде қозғалыс шектелді.

Осы учаскелерде патрульдеуге, авариялық-құтқару және қар тазалау жұмыстарына 660 адам және 430 бірлік техника, оның ішінде ІІМ (352 қызметкер және 181 бірлік техника), жол қызметі (287 қызметкер және 236 бірлік техника) және ЖАО (21 қызметкер және 13 бірлік техника) жұмылдырылды.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін 4 дауылды ескерту жарияланды.

Республиканың автожолдарында барлығы 950 адам құтқарылды,оның ішінде 63 бала. Жылыту пункттеріне 554 адам жеткізілді, оның ішінде 30 бала. Қар үйінділерінен автожолдардың тазартылған учаскелеріне 211 автокөлік шығарылды.

Нұр-Сұлтан қаласы:

19.02. сағат 08-00-ден 22-00-ге дейін Ақмола облысының автожолдарында ТЖД, ЖАО, ПД күштері қар құрсауында тұрып қалған 19 автомашинадан 67 адамды құтқарды,оның ішінде 5 бала. Жылыту пункттеріне 6 адам жеткізілді. Қар құрсауынан автожолдардың тазартылған учаскелеріне 17 бірлік техника (12 жеңіл және 5 жүк) шығарылды. 2 жеңіл автокөлік қалып отыр.

Ақмола облысы:

19.02. сағат 00-00-ден 23-00-ге дейін облыстың автожолдарында ТЖД, ЖАО, ПД күштері қар құрсауында қалған 175 автокөлік (168 жеңіл және 7 жүк) 215 адамды құтқарды, оның ішінде 2 бала. 280 адам жылыту пункттеріне жеткізілді, оның ішінде 2 бала. Автожолдардың тазартылған учаскелеріне қар құрсауынан 14 бірлік техника (7 жеңіл және 7 жүк) шығарылды.161 жеңіл автокөлік қалып отыр.

Ақтөбе облысы:

19.02. сағат 00-45-те Хромтау ауданы, «Хромтау-Никельтау» а/ж 20 шақырымында ТЖД күшімен қар құрсауында тұрып қалған 2 жеңіл автокөлік құтқарылды. Жол бойындағы «Шерхан» кемпингіне 9 адам жеткізілді, оның ішінде 1 бала.

Шығыс Қазақстан облысы:

19.02. сағат 21-00-де Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылынан 30 шақырым жерде «Омск – Майқапшағай» а/ж  967 шақырымында ТЖД күштері қар құрсауында тұрып қалған жеңіл автокөліктен 1 адам құтқарылды және Көкпекті ауылына жеткізілді. 20.02. сағат 06-00-де Семей қаласынан 45 шақырым жерде «Семей-Қайнар» а/ж 37 шақырымында ТЖД күштерімен қар құрсауында тұрып қалған жеңіл автокөліктен 4 адам құтқарылды, ол жолдың тазаланған учаскесіне шығарылды және Семей қаласына жеткізілді.

Қарағанды облысы:

19.02. сағат 00-ден 22-30-ға дейін облыстың автожолдарында ТЖД, ЖАО күштері қар құрсауында қалған 54 бірлік техника (52 жеңіл және 2 автобус) 199 адамды құтқарды, оның ішінде 9 бала. 95 адам жылыту пункттеріне жеткізілді. Автожолдардың тазартылған учаскелеріне қар құрсауынан 18 бірлік техника (16 жеңіл және 2 автобус) шығарылды, 36 жеңіл автокөлік қалып отыр.

Қостанай облысы:

19.02. 00-00-ден 22-00-ге дейін облыстың автожолдарында ТЖД, ЖАО, ПД күштері қар құрсауында тұрып қалған 81 бірлік техника (71 жеңіл, 9 жүк және 1 автобус) 194 адам құтқарды, оның ішінде 35 бала.Жылыту пункттеріне 111 адам жеткізілді, оның ішінде 22 бала (медициналық көмекке мұқтаж емес). Қар құрсауынан автожолдардың тазартылған учаскелеріне 26 бірлік техника (16 жеңіл, 9 жүк және 1 автобус) шығарылды, 55 жеңіл автокөлік қалып отыр.

Павлодар облысы:

19.02. сағат 00-00-ден 23-00-ге дейін облыстың автожолдарында ТЖД күштері қар құрсауында қалған 113 автомашинадан (78 жеңіл, 26 жүк, 5 шағын автобус және 4 автобус) 193 адам құтқарылды, оның ішінде 8 бала. 156 адам жылыту пункттеріне жеткізілді, оның ішінде 6 бала. Автожолдардың тазартылған учаскелеріне қар құрсауынан 88 бірлік техника (69 жеңіл, 12 жүк, 3 шағын автобус және 4 автобус) шығарылды, 25 автокөлік (9 жеңіл, 14 жүк және 2 шағын автобус) қалып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы:

19.02. 00-00-ден 23-00-ге дейін облыстың автожолдарында ЖАО күшімен қар құрсауында қалған 48 бірлік техника (43 жеңіл және 5 жүк) 72 адам құтқарылды,оның ішінде 3 бала. Жылыту пункттеріне 6 адам жеткізілді. Автожолдардың тазаланған учаскелеріне қар үйінділерінен 48 бірлік техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру