Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Азия елінде болып келген әйел күдікке ілінді

Ақтөбе тұрғыны карантин кезінде коворкинг пен кофейняға барып, қалада серуендеген суреттерін инстаграмға салғаны үшін күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірақ ол карантиндегі адамдардың тізімінде жоқ болып шықты. Полицияның сезіктенуіне әйелдің жыл басында Азия елдерінің бірінде болғаны түрткі болған.Оның іс-әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы (төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) бойынша заңсыз деп танылып, полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды.27 наурызда мамандырылған әкімшілік сот оны үш тәулікке қамауға алу жөнінде үкім шығарды.

Күн сайын полиция қызметкерлері еріктілермен бірге қала көшелерінде төтенше жағдай режимінің қалай сақталып жатқанын тексереді. Күні бүгінге дейін тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша төтенше жағдай режимін бұзған 33 адамды анықтады. Бұдан басқа жалған және расталмаған ақпаратты тарататын және құқық тәртібін бұзуға итермелейтін азаматтар 478-бап бойынша жауапқа тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру