Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құтқарушылар: су айдындары қауіпті

Қарағанды облысында Қ. Сәтбаев атындағы каналда ішінде төрт адамы бар автокөлік мұз астында қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға кеше, 26 наурыз күні Осакаров ауданының Молодежный кентінен 40 шақырым жерде болды. Екі адам өз күшімен шыққан. Қалған екеуін іздеген ТЖ департаментінің мамандары азаматтардың өлі денесін ертесіне алып шықты. Марқұмдардың бірі 1985 жылғы да, екіншісі 1982 жылғы.

Қарағанды облысының ТЖД ескертеді:

Су айдындарында көктемгі мұз жамылғысы берік емес. Қауіпсіздік шараларын сақтау қажет! Көктемгі мұздың қаупін түсіндіру мақсатында ТЖ департаменті жергілікті полиция қызметімен бірлесе су қоймаларда профилактикалық тексеріс жүргізіліп жатыр. Үгіт-насиxат жұмыстары барысында балықшыларға мұздағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. Барлығы 200 рейд пен 600-ден астам патрульдеу жүргізілді.

Құтқарушылар еске салады!
– Мұз бетіне шықпаңыздар!
– Мұз бетіне көлікпен шықпаңыздар!
– Балық аулаудан бас тартыңыз!
– Жарық, ойық жерлерге жоламаңыздар!
– Балалардың өз бетерінше су қоймаларына баруына жол бермеңіз!

Барлық оқиғалар мен ТЖ туралы 112 немесе 8(7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру