Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Селден сақтану үшін таулы аймақтар әуеден бақыланды

ҚР ІІМ ТЖК “Қазавиақұтқару” АҚ “ЕС-145” тікұшағымен Жуалы ауданының “Ақсай”, “Көксай” және “Қаралма” шатқалдарындағы таулы аймақтарда жатқан қар көлемін әуеден шолып көрді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сел ағыны – таулы жерлерде көп кездеседі. Жолдағыны қиратып салатын жойқын күші бар қауіпті табиғи құбылыс. Қаратау, Алатау және Қырғыз жоталарының биік таулы аймақтарында еріген қар кез келген уақытта селге айналуы әбден мүмкін.

Мамандардың ескертуіне құлақ ассақ, қар толқыны 10 м/с немесе одан жоғары жылдамдықпен қозғалады. Селдің пайда болатын бірден-бір себебі – күшті және ұзаққа созылатын нөсер. Ол кейде тау бойындағы еріген қармен бірге жүреді. Жамбыл облысы да елімізде сел қаупі бар аймақтардың бірі саналады. Сол себепті таулы жерлерде табиғи апат болмасы үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр және аймақ үнемі бақылауда.Мысалы, осы айдың үшінші онкүндігінде ҚР ІІМ ТЖК “Қазавиақұтқару” АҚ “ЕС-145” тікұшағымен Жуалы ауданында биіктігі 800 м-ден 2200 м-ге дейінгі жетіп жатқан таулы аймақтарда қар қорын шолып шықты. Сел қаупі бар учаскелер түгелдей дерлік қаралды.

Соның нәтижесінде мамандар Жуалы ауданының аумағында Қырғыз жотасы мен Талас Алатауы тауларында қар қорының азайғанын байқады. Су тасуы мүмкін бе, сел кезінде қандай іс-әрекеттерге барған дұрыс – осы тәртіптердің денімен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің интернет-сайтында және “Darmen” косымшасында танысуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру