Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас боп көлік жүргізгендер жауапқа тартылды

Алматы облысында карантин кезінде мас болып көлік тізгіндеген екі жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантиндік режимге енген түні облыс бойынша жол үстінде масаң күйде көлік құралын басқарған екі жүргізуші ұсталды. Бірі облыс орталығында тіркелсе, екіншісі Ұзынағаш ауылында тіркелген.

«Барлық жүргізушілердегі тиісті құжаттардың болуын және олардың карантиндік режимді сақтауын тексеру барысында, түн жарымында «Тойота Камри» маркалы автокөлігін басқарған және бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған Талдықорған қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Екінші оқиға Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында тіркелген. «Субару Легаси» автокөлігін тоқтатқаннан кейін, аталған көлік жүргізушісінің Қайназар ауылының масаң күйдегі 38 жастағы тұрғыны екендігі анықталды. Екі жүргізуші де наркологиялық сараптамадан өткізілді», – деп хабарлайды Талдықорған қалалық Полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Аталған деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

«Көлік құралдары айып тұрағына қойылды. Ұсталған азаматтар мекен-жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылып, сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа жіберілді. Мұндай деректер карантин жағдайында орынсыз», – деп толықтырды А.Нұрсапа.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру