Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қабаған ит адамдарға шабуылдады

Шымкенттік полицейлер тұрғындарды қабаған иттен құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Абай ауданының Полиция басқармасы №5 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары М. Әбдірахманов пен Б. Ирисбеков аумақты патрульдеу кезінде адамдарға шабуыл жасаған қабаған итті ұстады.

24 сәуір күні сағат 15:30 шамасында Шымкент қаласы ПД-нің жедел басқару орталығына “Қазығұрт” шағын ауданындағы “Жандос” аялдамасының жанында адамдарға қабаған иттің шабуылдағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полицейлер дереу оларды құтқарып алуға тырысты. Полиция қызметкерлерінің бірі иттің мойынынан ұстап тұрғанда, ит оны екі қолынан тістеп алды. Полицейдің серіктесі итті артынан ұстап, оны байлап қоюға үлгерді.

Ит екі тұрғынды, біреуін қолынан, екіншісің иығынан тістеп алған. Келген жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккендерді ауруханаға алып кетті. Сонымен қатар, ветеринарлық қызмет қызметкерлері келіп, итті алып кетті.

Егер тексеру барысында иттің иесі анықталса, ол ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер ит қаңғыған болса, жануарларға жауап беретін лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру