Ардагерге көрсетілген құрмет
Қызылорда облысының ЗК-69/5 мекемесінің басшысы Т.Қалымбетов Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетіп, алғыс хат жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекеменің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Есмаханов, Г.Алтынбек және Н.Алыбаева ардагер Абдрахман Бәйтіковтің шаңырағына барып, мерекесімен құттықтап қайтты.
Ардагер 1942 жылы Курск шайқасында болып, соғыстың көріністеріне куә болды. 1943 жылы қолы жараланып, елге оралған.
Содан бері отбасы құрып, бейбіт күннің арқасында өмірлік серігі Кеңескүл апай екеуі алты ұл, төрт қыз тәрбиелеп, өсіп-өніп келеді.
95 жасқа келген абыз ақсақалдан естіген әңгімеден рухани жан азығын алып қайтқан ҚАЖ қызметкерлері батыр бабаның батасына кенелді. Ардагеріміз де сала қызметкерлеріне бала жүректі қарияның көңілін аулап, елеп-ескергені үшін алғысын айтты.