Полицейлер 40 отбасыға көмек көрсетті
Түркістан облысының полицейлері мен «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалы мұқтаж отбасыға азық-түлік апарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Біз біргеміз»» акциясына отырарлық полицейлерде өз үлестерін қосты. Аудандағы көп балалы және аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар 40 отбасына біржолғы азық-түлік жиынтығын табысталды. Яғни тұрғындарды, бірінші кезекте қажетті азық-түліктермен қамтыды.
Полиция бөлімінің басшысы Бақыт Тілекұлы алдағы уақытта да аз қамтылған отбасыларға құқықтық қолдау көрсету, азық-түліктей, киім-кешектей, қаржылай көмектесу жұмыстарын атқаратындығын айтып өтті.
Қайырымдылық шарасында «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман партия бастамасымен қолға алынған жобаларды жүзеге асыруға қолдау білдірген полицейлерге алғысын білдірсе, аудан тұрғындары тілегін батамен жаудырды.
Тәртіп сақшылары кез келген қиын шақта тұрғындардың жағдайы жақсаруы үшін кішкене де болса өз үлестерін қосып, қайырымдылықтың, адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.