Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының Полиция департаменті мұражайында бірегей және сирек кездесетін экспонаттар сақтаулы тұр

1977 жылдың 18 мамырынан бастап бүкіл әлемде Халықаралық мұражайлар күні тойланады. Мәскеу қаласындағы Халықаралық мұражайлар кеңесінің Жалпы Ассамблеясында осыған қатысты қарар қабылданған болатын, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын, осы айтулы күнге орай Жамбыл облысы Полиция департаментінің мұражайында келушілердің қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіледі. Биыл карантин жағдайында оқырмандарға кеңес милициясы кезеңіндегі арнайы техниканың бірегей және сирек кездесетін экспонаттарымен виртуалды таныстырады.

Бірінші экспонат – Жамбыл облысының Полиция департаментін 2016-2018 жылдары басқарған полиция генерал-майоры Т. С. Маткенов мұражайға сыйлаған автотехника.

«ГАЗ-69» – төрт есікті автокөлік, «Командирлік’ (қарапайым адамдар үшін – «Председатель») өтімділігі жоғары бес орындық көлік нұсқасы.

Ол КСРО-да 1952 жылдан 1972 жылға дейін Горький және Ульянов автомобиль зауыттарында шығарылды. 1953 жылдың 25 тамызында сериялық шығарылым жүзеге асырылды. Қозғалтқыш қуаты – 55 аттың күші, ең жоғарғы жылдамдығы – 90 км/сағ. 20 жыл ішінде 600 мыңнан астам машина шығарылды.

Алғашқы 20 автокөлік тың жерлерді игерушілер үшін Қазақстанға жіберілді. 1956 жылдан бастап әлемнің 56 еліне экспортқа шығарылған. «Урал» – кеңестік және ресейлік ауыр мотоцикл. 1940 жылдан бастап Ирбит мотоцикл зауытында коляскамен шығарылды (Свердлов облысы, Ирбит қ.). Габаритті өлшемдері – 2420× 1650 × 1000.

Мотоциклдің салмағы – 385 келі. «Урал» жақсы өтімділік пен сенімділікке ие. Жолдағы отын шығыны – 100 км-ге жеті литр, ең жоғарғы жылдамдық – 85 км / сағ. Ішкі істер органдары жүйесінде «ГАЗ-69» автомобилі мен «Урал» мотоциклін арнайы автотехника ретінде милицияның учаскелік инспекторлары, әсіресе ауылдық елді мекендерде, жолсыз жерлер бойынша, сондай-ақ мемавтоинспекция қызметкерлері мен басқа да қызметтер көп пайдаланды.

Көлік пен мотоциклге жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін қайта жұмыс істеп тұрғанын айта кету керек. Басты экспозициялық залдағы витраждардың бірінің әйнегі астында өткен ғасырдың 80-жылдарындағы аналитикалық талдау орталығының қызметкерлері қолданған электрондық техникалық құралдар қойылған.

1987 жылы шығарылған пернетақтасы бар бірінші кеңестік «Корвет» компьютері сақталған. Компьютерлер жергілікті желіге, 16 машинаға дейін желіде біріктіріле алады.Ондағы бір мезгілде бейнеленетін түстердің салыстырмалы саны — сегіз, олар көбінесе ойындар үшін де, ойын емес бағдарламалар үшін де жеткілікті болды. «Корвет» – ойын емес графиканы шығаруды аппараттық тұрғыда жеделдететін арнайы механизмі бар, өте аз сегіз биттік ДК-нің бірі.

Жапонияда жасалған екі экспонат – «CPF H80» принтері (1980 жылы шығарылған) және «Canon Fax-750» факсимильді аппараты да (1984 жылы шығарылған) келушілердің қызығушылығын тудырады. Факсимильді аппараттың басты артықшылығы – оны кез келген телефонға, түтікке қосып, тіпті қазір де пайдалануға болады. Кеңестік дәуірде шығарылған, 1984 жылы жасалған «Электроника» МК 61 микрокалькуляторы да бірегей жәдігерлер қатарында.

Ол төрт арифметикалық қызметті атқарады – функцияларды есептеу, бүтін және бөлшек санды бөлу, кездейсоқ сандардың генерациясы, деңгейлік логикалық операциялар. Оның арсеналында бірнеше күрделі математикалық функциялар бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру