Екі жігіт 2 ай бойы гаражға ұрлыққа түскен
Заттарым үрланды деп «102»- ге телефон соққан 1996 жылғы А. есімді тұрғынға 172 мың теңге материалдық залал келді. Оқиға орнына барған Орал қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы аяқ киім іздерін, дөңгелек іздерін және киімнің іздерін алды. Көп кешікпей КПб жедел уәкілдері гараждар мен мекемелерге ұрлыққа түскен осы екі жігітті ұстады. Полиция қызметкерлері қылмыстық топ құрамында болған күдіктілер туралы толық мәліметтер жинап, бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарын анықтады.