Алматыда ер адам тұрғындарды баспанамен алдап жүрген
«Пәтерді бір тәулікке жалдап ай сайынға жалға беріп отырған» алматылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтық үшін бұрын сотталған күдікті – 1989 жылы туған У.есімді ер адам. Ол бір апта бойы жалған жолмен және адамдардың сенімін пайдаланып, уақытша баспана іздеген бірнеше тұрғынның ақшасын алған.
– Айласы жаңа емес, бірақ тиімді: қаскөй пәтерді тәулікке жалдап, оларды суретке түсіріп, танымал сайттарға жарнама орналастырған. Көрсету барысында ол, ұзақ уақыт келісім жасамай, алдын-ала төлем ала отырып, басқа адамдардың пәтерлерін «жалға» берген. Толығымен қоныстанып үлгермеген адамдар пәтер иесі келгенде түсініспей қалады. Сондықтан жалға алу туралы келісімді дұрыс жасасқан жөн, ең алдымен нотариуспен, көршілерден иесі сол адам екендігін біліп алған жөн. Ұялудың қажеті жоқ, егер бұл адам сізге қызмет көрсетсе, онда сіз оның клиентісіз, ол сізді түсінеді. Ғаламторда пәтерді жалдау кезінде алаяқтардың уысына қалай түспеу керектігі туралы көптеген ақпарат бар. Сөзге сену, өкінішке орай, көбінесе мұндай шектен шығуға әкеледі. Егер сіз ақшаңызды төлейтін болсаңыз, онда құжаттардың толық пакетін талап етіңіз және өз тыныштығыңызды тексеріңіз, – деп кеңес берді Бостандық аудандық Полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.
Күдікті У. қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодекснің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта тек Бостандық ауданында ол жасаған ұқсас жеті эпизод бар. Осыған байланысты, осы адамның қылмыстық қулықтарына ұрынған азаматтарға полиция қызметкерлері келесі нөмірлер бойынша хабарласуларын сұрайды: 254-47-02 және 8-701-777-87-35.