Рұқсат етілмеген жерде шомылған алматылықтарға айыппұл салына бастады
Әкімдік, полиция, құтқарушылар, мектеп қызметкерлері және ҚР Ұлттық Гвардиясының әскери қызметшілері Алматы қаласының су қоймаларында патрульге шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала аумағында орналасқан қалған су қоймалары мен тау өзендеріне (мысалы, Есентай, Кіші және Үлкен Алматы) суға шомылуға карантин аяқталғаннан кейін де тыйым салынады. Қазіргі уақытта Сайран көлінің жартылай толтырылғанына қарамастан, құтқару жұмыстары үшін қажетті 109 құтқару бекеті орналастырылған.