"Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!"
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 15-18 маусым аралығында "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" республикалық акциясын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Акция аясында Абай және Еңбекші ауданы Полиция басқармаларының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Гүлвира Бектемісова және Ақмарал Төрехан аудан әкімшілігімен бірлесіп "Ана үйі", "Сенім Ай", "Самғау Сенім" көмек орталықтарындағы әйелдерге қайырымдылық көрсетіп, бірінші қажеттілік азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы әзірленген жадынамалар таратты.