Жол-көлік оқиғасынан жүргізуші көз жұмды
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы болды, жүргізуші ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 маусым сағат 07.30-да Темір ауданының тұрғыны «ВАЗ-2112» автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі Шұбарши кенті жағынан Балуан көшесі бойымен Кеңқияқ ауылы бағытында, Кеңқияқ ауылының «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» жанында қарсы бағытқа шығып кетіп, Шұбарқұдық ауылының 39 жастағы тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ-2114» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы қорытындысында «ВАЗ-2112″ автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан Темір ауданы Кеңқияқ ауылының орталық ауруханасында көз жұмды, «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы Кеңқияқ ауылының орталық ауруханасына жатқызылды.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, «ВАЗ-2114 «автокөлігінің жүргізушісі «жеңіл » дәрежелі алкогольдік масаң күйде көлікті басқарған.
Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет).
Полиция департаменті барлық жол қозғалыс атысушыларынан жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауды, бір-біріне құрметпен қарауды сұрайды. Есіңізде болсын, автокөлік – жоғарғы қауіп көзі. Жол қозғалыс ережелерді елемеу түзетілмейтін салдарға әкелуі мүмкін. Есіңізде болсын, сізді үйде жақындарыңыз күтеді.