Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

22 көлік ұрлау фактісі тіркелді

Павлодар облысында алты айда 22 автокөлік ұрлық фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың басынан бастап Павлодар облысының аумағында 22 автокөлік салонынан ұрлық фактісі тіркелді.

Салондық ұрлықтың алдын алу мақсатында жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Павлодар қаласының көп қабатты үйлерінің аулаларын патрульдеу барысында күн сайын 10-15 автомашина анықтайды, олардың есіктері немесе терезелері ашық қалады. Иелері тіпті кілттерді де қөлікте ұмытып кеткен жағдайлар болады.
Тек өткен түнде ғана тәртіп сақшылары қала үйлерінің аулаларында есіктері ашық қалған 10 автокөлік.

Сонымен, жол-патрульдік полиция батальонының полиция қызметкерлерінің патрульдеуі кезінде Малайсары батыр көшесіндегі үй ауласында сағат 00.47-де «Toyota» маркалы автомашинасы табылды.
Ал Ледовский көшесі үйдің ауласында сағат 04.39-да полиция қызметкерлері «Mercedes » маркалы автомашинасын анықтады.

Аталған көліктердің иелерімен профилактикалық әңгімелесу өткізілді.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!
Бірқатар ережелерді сақтау сізге мүлікті ұрлау, сондай-ақ автомобильдің зақымдану қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді:

1. Егер сіз автомобильді қысқа уақытқа қалдырсаңыз да, салон мен жүксалғыштың есіктерін жабуды ұмытпаңыз.

2. Егер автомобиль күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған болса, оларды қосып жүріңіз.

3. Автомобильдің салонында, әсіресе, құнды заттарды қалдырмаңыз.

4. Автомобильді тұрғын үйлердің аулаларында, гараждар мен күзетілетін тұрақтардан тыс орындарында ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
Өз мүліктеріңізді сақтаңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру