Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандар жауапқа тартылды

Биылғы жылдың өткен кезеңінде Павлодар облысының тәртіп сақшылары 62 000 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кейде қоғамдық орындарда және көшеде біз азаматтардың құқыққа қарсы мінез-құлқының куәсі боламыз. Бұл бұзақылық, балағаттап сөйлеу, ішімдік ішу, айналасындағыларға дөрекілік және т.б. Мұндай әрекеттер олардың қоршауындағы басқа адамдарға кедергі келтіріп қана қоймай, одан әрі қылмыс жасауға да әкеп соқтыруы мүмкін.

– Биылғы жылдың өткен кезеңінде Павлодар облысының тәртіп сақшылары 62 000 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 4160 – қоғамдық орындарда мас күйінде болған спирттік сусындарды ішетіндер (ҚР ӘҚБК 440 бабы).

Тыныштықты бұзғаны үшін 1640 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБК 437 бабы), – деді ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Тәртіп сақшылары құқықтық тәртіпті сақтау міндетін бала кезінен бастап жүргізу керектігін еске салады. Ата-аналар баланы тәрбиелеп, оған мінез-құлықтың негізгі нормаларын түсіндіруі тиіс.
Біздің әрқайсымыздың айналамыздағы кез келген ұсақ құқық бұзушылықтарға қоғамның төзбеушілік атмосферасын құру және айналасындағылардың немқұрайлы қарағандығынан, аса ауыр қылмыстардың жасалуына негіз болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру