Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда бақылау камерасының көмегімен ұрлық ашылды

Павлодарда бақылау камерасы әмиян ұрлығын ашуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зейнеткер әмиянды ұрлау туралы полицияға жүгінді. Арызданушы қала дүкендерінің бірінде заттар сатып алған кезде қысқа уақытқа әмиянын қараусыз қалдырғанын, содан кейін оның жоғалғандығын түсіндірді. Әмиянында 40 000 теңге сомасында ақшалай қаражат болған.

Аталған мекен-жайға жедел-тергеу тобы келді. Полицейлер жәбiрлеушiден, дүкен қызметкерлері мен куәгерлерден орын алған оқиғаның мән-жайын сұрастырды. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында тәртіп сақшылары 19 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады және полиция бөліміне жеткізді.

Ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Зейнеткердің ақшасын қаскүнем өз қажеттіліктеріне жұмсап, әмиянын лақтырып кеткен.

Павлодар полицейлері жеке заттарын қылмыстық қол сұғушылықтан сақтау үшін ережелерді сақтау қажет екенін еске салады: дүкендерде, базарларда және адамдар көп жиналатын басқа жерлерде болған кезде әмияныңызды бөтен адамдарға көрсетпеңіз. Ұялы телефондар мен әмияндарды шалбардың артқы қалталарында және басқа да қол жетімді жерлерде сақтамаңыз, сізге жақындауға тырысатын барлық күдікті адамдарға назар аударыңыз.

Жәбірленуші немесе куә полицияға неғұрлым ертерек жүгінсе, қылмыскерді табу және ұстау және ұрланған заттарды қайтару мүмкіндігі соғұрлым жоғары болатындығын есте ұстаған жөн.
Егер қандай да бір себептермен сіздің мүлігіңіз қылмыстық қол сұғушылықтың нысанасына айналса, дереу полицияға «102 «телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру