Көпбалалы ананың құжаттары салынған сөмкесін полицейлер тауып берді
Шымкентте көпбалалы ананың жоғалған сөмкесін полицейлер тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны өзінің сөмкесін жоғалтып алғаны туралы арызданған.
Әйел сөмкесінің ішінде жеке куәлігі мен бала-шағасының құжаттары болғанын айтқан. Аталған хабарлама бойынша жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының анықтаушысы Рысдәулет Нурашев тұрғынның жоғалған заттарын тауып, қайтарды. Өз кезегінде қала тұрғыны тәртіп сақшыларына өз алғысын білдірді.
Оте керемет! Осы полиция кызметкерлери халыкка жаксылык жасаудан шаршамай ары карай оздеринин жумыстарын жалгастыруда! Сиздерге улкен рахмет! Жарайсындар!