Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте сақтық шаралары күшейтілген

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бас ғимаратында да сақтық шаралары күшейтілген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда коронавирус індеті таралуының алдын-алу мақсатында сақтық шаралары күшейтілген. Яғни қоғамдық орындар, адамдар жиі шоғырланатын жерлер мен барлық ғимараттар ұдайы түрде дезинфекциялануда.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бас ғимаратында да кіре берісте азаматтар мен қызметкерлердің қызуы өлшеніп, тек бетперде мен резеңке қолғап киіп, сақтық шараларын ұстанғандар ғана ішке кіргізілуде. Эпидемологиялық талапқа сәйкес антисептикалық құралдар да орнатылған.

Осы орайда полицейлер азаматтарға үнемі қорғаныш құралдарымен жүруді және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Ешаев Нуилан :

    Жарайсындар полиция кызметкерлери, Рахмет сиздерге,

Жауап қалдыру