Міндеттерін орындамаған маскүнем ата-ана есепке алынды
Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен білім беру жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкесі мен анасы есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маскүнемдік – отбасы мүшелеріндегі көптеген невроздар мен мінез-құлық бұзылыстарының себебі. Көптеген жағдайларда балалардағы әртүрлі психикалық бұзылуларға ата-аналардың маскүнемдігі, олардың әлеуметтік деградациясы, бұзақылық және өзін-өзі бақылаудың нашарлығы себеп болады. Егер маскүнем әкелерден балалар невротикалық болып кетсе, маскүнем аналардан көбінесе ақыл-есі кем балалар туады. Бұған ғалымдар: – кінәлі маскүнем әке ме немесе маскүнем ана ма? – деп дауласып жатқанда, біз үй маскүнемдігі мен оның салдары алкогольдік ауруымен күресуіміз керек.
2020 жылдың 7 тамызында сағат 13.00 шамасында Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Мичурин ауылдық округінің әкімінен ауыл тұрғыны алкогольді ішімдік ішіп, күйеуімен бірге мас күйінде болғандығы, сондай-ақ үйде бейтаныс адам бары туралы хабарлама алды. Отбасында төрт кәмелетке толмаған бала бар, олардың үшеуі әжесімен, ал үш айлық кенже қыздары әке-шешесімен бірге үйде болды. Сигналды алғаннан кейін полиция әкімдік өкілдерімен бірге тексеру жүргізу үшін осы отбасының тұрғылықты жеріне барып, тексеру кезінде күйеуі мен әйелі мас күйінде ұйықтап жатқандығын және қасындағы ішімдікке масайып ұйықтап қалған бейтаныс біреудің барын білмегендігін анықтады. Маскүнем ата-анамен тұратын үш айлық нәрестені іздеу нәтижесінде, бала әжесімен бірге, басқа бауырлары тұрған жерден табылды. Әжесі оны үйіне апарғанын түсіндірді. Балалардың анасы медициналық тексеруден өту үшін Мичурин дәрігерлік амбулаторияға жеткізілді, ал отбасының әкесі қатты алкогольдік масаңдықтың салдарынан оянуға шамасы келмеді.
Тексеру барысында үш айлық нәресте немересін алып кетпеуін өтінген әжесіне қолхат бойынша тапсырылды.
Келесі күні осы ерлі-зайыптылармен профилактикалық әңгіме өткізіліп, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімі (Ата-аналардың кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен білім беру жөніндегі міндеттерін орындамауы) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Бұл отбасы профилактикалық бақылау үшін нашар отбасы ретінде есепке алынды.