Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік жігіт пәтерінде есірткі сақтаған

Шымкент тұрғынының пәтерінен есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 тамызда Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Қарасора – 2020» және «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген жұмыстар барысында Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы көпқабатты үй пәтерлерінің бірінде полиэтиленді пакетке оралған түрінде есірткіге ұқсас заттарды сақтаған 1995 жылы туған жергілікті тұрғын анықталды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес аталған үй ішінен тәркіленген зат жалпы салмағы 1 кг 39 гр құрайтын «марихуана» есірткі заты екендігі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі таңда осы есірткі затының пайда болу жолдары мен оның заңсыз айналымға салыну деректерін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру